Эндокриндік патология аясындағы жарақат кезіндегі клиникалық жағдай: Жедел компартмент-синдром және I типті қант диабетінің дебюті
DOI:
https://doi.org/10.52889/1684-9280-2025-76-5-jto025Кілт сөздер:
жедел компартмент-синдром, I типті қант диабетінің дебюты, фасциотомия, клиникалық жағдайАңдатпа
Жедел компартмент-синдром – шектеулі фасциальды кеңістікте қысымның жоғарылауымен сипатталатын ауыр патология. Бұл жағдай микроциркуляцияның бұзылуына, тіндердің ишемиясына, некрозға және аяқ-қол қызметінің төмендеуіне алып келеді. Көбінесе жедел компартмент-синдром ұзын сүйектердің сынуымен қатар жоғары энергиялық жарақаттар кезінде дамиды. Сонымен қатар, оның қант диабетінің I типінің алғаш анықталған жағдайымен қатар жүруі өте сирек кездеседі және медициналық әдебиеттерде тек жекелеген клиникалық бақылаулар түрінде ғана кездеседі.
Бұл жұмыста төмен энергиялы дистальды метаэпифиздің сынуы фонында алғаш рет 1-типтегі қант диабеті анықталған 45 жастағы ер адамдағы жоғарғы аяқ-қолдың жедел компартмент-синдромының клиникалық жағдайы сипатталған. Алғашқыда науқасқа жабық репозиция жасалып, гипстік иммобилизация салынды. Кейіннен айқын гипергликемия, глюкозурия және кетонуриямен көрінетінен метаболикалық декомпенсация аясында жедел компартмент-синдромы дамып, ол қол мен білектің флегмонасымен, сепсиспен және екіншілік іріңді ошақтардың түзілуімен асқынған. Ауру ағымының ауырлауына ықпал еткен негізгі патогенетикалық факторлар диабеттік микроангиопатия, микроциркуляцияның бұзылуы, тіндердің ишемияға төзімділігінің төмендеуі, иммундық дисфункция және регенерация үдерістерінің баяулауы болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық ұсынымдарға бейімсіздігі де теріс әсер етті: ол стационарлық емдеуден бас тартып, гипстік иммобилизацияны ұзақ сақтаған, бұл декомпрессияның кешіктірілуіне әкелді. Хирургиялық емдеу кең көлемді фасциотомияны, некроэктомияны және кейінгі тері пластикасын қамтыды. Операциядан кейінгі кезеңде науқасқа кең ауқымды антибактериалды терапия, инфузиялық-трансфузиялық қолдау және инсулинотерапия жүргізілді. Хирургтар, эндокринологтар және анестезиологтар қатысқан мультидисциплинарлық тәсіл оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ұсынылған клиникалық жағдай эндокриндік патологияны жарақат кезінде маңызды қауіп факторы ретінде ескеру қажеттігін көрсетеді. Уақтылы диагностика мен ерте фасциотомия мүгедектік пен өлімнің алдын алудың жалғыз тиімді тәсілі болып қала береді.
Әдебиеттер тізімі
1. Herrmann, P., Eidmann, A., Hochberger, F. F., Heinz, T., Rak, D., Weißenberger, M., Rudert, M., & Stratos, I. (2024). Epidemiological Analysis of Traumatic Compartment Syndromes in Germany. Journal of clinical medicine, 13(6), 1678. https://doi.org/10.3390/jcm13061678
2. Smith, A. L., & Laing, P. W. (1999). Spontaneous tibial compartment syndrome in Type 1 diabetes mellitus. Diabetic medicine: a journal of the British Diabetic Association, 16(2), 168–169. https://doi.org/10.1046/j.1464-5491.1999.00020.x
3. Tan, L., Xia, Y., Su, Z., Wen, Q., Zhang, J., & Yu, T. (2021). Brachial muscle injury resulting in acute compartment syndrome of the upper arm: a case report and literature review. BMC musculoskeletal disorders, 22(1), 545. https://doi.org/10.1186/s12891-021-04318-1
4. Balakhonova E.A. (2023) Skeletno-myshechnye narusheniia pri sakharnom diabete (Skeletal-muscular disorders in diabetes mellitus) [in Russian]. Sakharnyi diabet, 26(3):275-283. https://doi.org/10.14341/DM12985
5. Mahdi, H., Gough, S., Gill, K. K., & Mahon, B. (2007). Acute spontaneous compartment syndrome in recent onset type 1 diabetes. Emergency medicine journal: EMJ, 24(7), 507–508. https://doi.org/10.1136/emj.2007.046425
6. Pamoukian, V. N., Rubino, F., & Iraci, J. C. (2000). Review and case report of idiopathic lower extremity compartment syndrome and its treatment in diabetic patients. Diabetes & metabolism, 26(6), 489–492.
7. Ang, A., Michaelides, A., Hallworth, S., & Kocher, H. M. (2022). Intraoperative acute compartment syndrome of the upper limb secondary to extravasation. BMJ case reports, 15(5), e248454. https://doi.org/10.1136/bcr-2021-248454
8. Jorgensen, A., Kahan, J., Moran, J., & Halim, A. (2022). Assessment of complications associated with casting of acute distal radius fractures in adults. The American journal of emergency medicine, 56, 124–126. https://doi.org/10.1016/j.ajem.2022.03.017
9. Doarn, M. C., & Carlson, M. S. (2021). Exercise-induced bilateral upper-arm anterior and posterior compartment syndrome with rhabdomyolysis. Journal of shoulder and elbow surgery, 30(3), e129–e131. https://doi.org/10.1016/j.jse.2020.10.005
10. Miranda-Klein, J., Howell, C. M., & Davis-Cheshire, M. (2020). Recognizing and managing upper extremity compartment syndrome. Jaapa, 33(5), 15- https://doi.org/10.1097/01.JAA.0000660124.51074
11. von Keudell, A. G., Weaver, M. J., Appleton, P. T., Bae, D. S., Dyer, G. S. M., Heng, M., Jupiter, J. B., & Vrahas, M. S. (2015). Diagnosis and treatment of acute extremity compartment syndrome. Lancet (London, England), 386(10000), 1299–1310. https://doi.org/10.1016/S0140-6736(15)00277-9
12. Prasarn, M. L., & Ouellette, E. A. (2011). Acute compartment syndrome of the upper extremity. The Journal of the American Academy of Orthopaedic Surgeons, 19(1), 49–58. https://doi.org/10.5435/00124635-201101000-00006
13. Barvelink, B., Reijman, M., Smidt, S., Afonso, P. M., Verhaar, J. A., & Colaris, J. W. (2024). Redisplacement of reduced distal radius fractures in adults: does the type of casting play a role? The CAST study, a multicentre cluster randomized controlled trial. The Bone & Joint Journal, 106(7), 696-704. https://doi.org/10.1302/0301-620X.106B7.BJJ-2024-0014.R1




